top of page

   Бұл атаулы күн 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен  Бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады. Елбасымыз тыныштық пен тұрақтылықты сақтауды жас мемлекетіміздің болашағы үшін маңызы зор екендігін өз жолдауларында: "Кез-келген халықтың рухани мәдениетінің негізін бейбітшілікке, келісімге, әділдікке ұмтылуды құрайды". Көп ұлтты қазақстандық мәдениетке тән рухани бастамаларды нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Жыл сайын Қазақстанда Рухани келісім күні аталып өтіледі.

   Рухани келісім- біздің ұлтымызға тән үлкенді сыйлау, отбасына құрмет, балаларға қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауыз біршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар  берік орнықты. Халқымыздың татулығы мен бірлігі- еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату  - еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ. 

   Осыған орай С.Сейфуллин атындағы кітапханада "Рухани келісім - халық бірлігіне бастар жол" атты виртуалды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынамыз.

bottom of page