top of page

Кітаптар

Біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. бабаларымыздың арманы.

            

                                                            Н.Ә.Назарбаев

66.3(5Қаз)                    

Н17    

        Назарбаев, Н.Ә.                                    

        Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар [Мәтін] /

        Н. Назарбаев. - Астана : Деловой мир Астана, 2014. -

        368 б.: сур. - (Әдебиеттің әлеуметтік маңызды      

        түрлерін басып шығару)  

 

  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар» атты жаңа кітабы Қазақстанның  тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған.

   Әрбір бөлімінде мемлекет пен қоғамның:  экономиканың , әлеуметтік саланың, ішкі және сыртқы саясаттың табысты дамуы туралы сөз қозғалады.  Тәуелсіздік алған сәттен бастап бүгінге дейінгі статистикалық мәліметтер заманауи  инфографика жанрында ұсынылған.

66.3(5Қаз)                    

М36         

 

    Мәңгілік ел - Қазақстан=Вечная страна -       

Казахстан=Kazaknstan - eternal country [Мәтін] :   

Фотоальбом / Құраст. М.Байленова, Г.Алмасбекова. - 

 Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2017. - 184 б.: сур 

 

   «Мәңгілік ел- Қазақстан» фотоальбом ҚР жалпы сипаттамасын, табиғатының  көзбен көріп, тамашалауға тұрарлық, туризмі дамыған көрікті жерлерін, айтулы тарихи орындарын, қысқаша экономикалық –саяси ахуалын көрсететін , сонымен қатар қазақ халқының өзіне тән ұлттық құндылықтары  мен еңбек түрлерін, маусымдық қоныстарын, салт-дәстүрлерін, киімдері мен музыкалық аспаптарын, ойындарын, тағамдары мен қолөнер бұйымдарын, т.б. ерекшеліктерін, фотосуреттермен бірге таныстыратын басылым болып табылады.

66.4                          

О-59   

 

Онжанов, Н.                                        

Бітімгер [Мәтін] : Дипломат жазбалары / Н. Онжанов. - Астана : Фолиант, 2015. - 240 б.

    Соңғы жылдары Украина дағдарысы газеттердің бірінші беті мен әлемдік БАҚ-тардың жаңалықтар таспаларынан түсер емес. Аталған жанжалды бейбіт реттеудің жолдарын іздестіру белсенді жалғасуда.

    Кітап авторы біздің Мемлекетіміз басшысының  Украинаның оңтүстік шығысындағы бітімге әкелген белсенді қызметінің куәгері болған еді. Кітапта Майдандағы 2015жылдың ақпан айына дейінгі оқиғалар қамтылған.

20201007_160323_edited.jpg

66.0(5Қаз)                    

Ж57      

 

    XXI ғасыр-Қазақстанның жұлдызды   

ғасыры [Мәтін]. - Астана : Деловой мир Астана, 2010. - 336 б. (Жана Қазақстан)         

                          

  Бұл кітапта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  оқырмандарына тек Мемлекет басшысы ғана емес, сонымен қатар, өз елінің шынайы патриоты, халқының кемел көшбасшысы ретінде ой толғайды. Жинақта Елбасы Н.Назарбаевтың Отан, Қазақстан халқы, ұлт мәдениетінің ерекшеліктері жайындағы кестелі сөздері, орамды ой – тұжырымдары берілген.

66.3                          

Қ79   

 

  Қыдыралиев, Д.Қ.                                   

Жерұйық=Благодатная земля [Мәтін] / Д.Қыдыралиев. - 2-ші бас.толықт. - Астана : Деловой  мир Астана, 2014. - 260 б.                         

 

   Қолдарыңыздағы кітап қазақ даласынан бастау алған ізгілік пен рухани келісім жайында сыр шерте отырып, бүкіләлемдік құндылықтар төңірегінде сөз қозғайды. Қазақстанда қалыптасқан  этносаралық және конфессияаралық келісім моделі- Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы баяндайды.

67.400(5Қаз)                  

К30        

 

  Кемеңгер [Мәтін]. - Алматы : Қазақ  энциклопедиясы, 2010. - 320 б.             

67.400(5Каз)                            

Н19         

 

Нурсултан Назарбаев на исторической ленте  РИА  Новости [Текст]. - Астана : Деловой мир  Астана,   2010. - 240 с. - (Жаңа Қазақстан)             

 

  Представленный вашему вниманию проект подготовлен Пресс службой Президента РК совместно с ведущим российским информационным агентством   «РИА Новости». В фокусе издания – Первый Президент РК – Нурсултан Назарбаев, который за короткий для истории срок преобразил Казахстан в ключевую  страну центральноазиатского региона. В книге описаны важнейшие события последних 20 лет, отражающие динамику развития молодого государства.

66.4(0)                                  

П71         

 

   Председательство Республики Казахстан в ОБСЕ: 

 Доверие,традиции,транспарентность,толерантность    

 [Текст]. - Астана : Деловой мир Астана, 2010. - 194 с. - (Жаңа Қазақстан)                      

 

   Предлагаемая вниманию читателей книга повествует о ключевом внешнеполитическом успехе РК – председательстве в ОБСЕ.

    2010 год стал триумфальным для молодого государства.  Эти 365 дней запомнятся человечеству большим количеством масштабных международных событий. Главным из них, безусловно, является Астанинский Саммит глав государств ОБСЕ, не проводившиеся 11 лет.  Не исключено, что это событие станет предисловием новой эпохи в истории Организации.

76.0(5Қаз)                    

К30    

 

   Жолдыбай, К.                                       

  "Қазақстан - 2030": болашақтың бағдаршамы      

   [Мәтін] / К. Жолдыбай. - Астана : Елорда, 2007. - 168  бет                                   

     Кенжеболат Жолдыбайдың публицистикалық жинағында «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасы қабылданған он жыл  ішінде ел өміріндегі орын алған өзгерістер қамтылады. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің мерейін өсіруге бағытталып жатқан істер жайлы кеңінен әңгіме қозғалады.

66.3(5Қаз)                    

Н17   

 

  Назарбаев, Н.Ә.                                    

  Сындарлы он жыл [Мәтін] / Н. Назарбаев. - Алматы : Атамұра, 2003. - 240 б. 

66.3(5Қаз)                    

Т29    

 

Тәтімов, М.                                        

 Елбасы және ел саны [Мәтін] : Сыр-сұхбат  кітабы / М. Тәтімов. - Алматы : Арыс, 2009. - 224  бет.: 16 сур. 

   Жинақ «Ұлт Перзенті – Ұлыс Президенті», «Ұрпақтар қалай ұласқан?», «Болашаққа аманат» деп аталатын үш бөлімнен тұрады.

    Кітап демограф мамандарға, саясаттанушыларға, тарихшыларға, сондай-ақ  халқымыздың  өткені мен болашағына бей-жай қарамайтын оқырман қауымға арналған.                

67.400.6                      

Н17   

 

  Назарбаев, Н.                                      

  Көші-қон және қазақ әлемі [Мәтін] :  баяндамалар, мақалалар және сыр-сұхбаттар / Н. Назарбаев. - Астана : Фолиант, 2017. - 360 б.    

 

   Дүниежүзі қазақтарының  V құрылтайына орай жарық көріп отырған бұл кітапқа ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы көші-қон саясатына, сондай-ақ халқымыздың  мәдениеті мен тарихына, бүгіні мен болашағына қатысты сөйлеген сөздері, жасаған баяндамалары, жарық көрген мақалалары мен бұқаралық ақпарат құралдарына берген сыр-сұхбаттары топтастырылған.

   Біздің топырағымыз арқылы барлық әлемдік діндер өткен. Осынау рухани дәстүр - Қазақстандағы конфессиялар арасындағы татулықтың асамаңызды тұғырларының бірі. Бұл жетістік арқылы біз күллі әлемге танылмақпыз.

       

                                                                                                Н.Ә.Назарбаев

66.2(5Қаз)                    

Н19    

 

Назарбаев, Н.Ә.                                    

 Бейбітшілік кіндігі [Мәтін] / Н. Назарбаев. -  Астана : Елорда, 2001. - 304 б.: сур    

76.01                           

А87    

 

Асанғазы, О.                                       

Ұлт тұмары [Мәтін] / О. Асанғазы. - Алматы :  

Palitra-Press, 2015. - 288 б.      

 

     Жинаққа автордың әр жылдары жазған мақалалары және сұхбаттары енгізілді. Тіл, ұлт руханияты тақырыбындағы бұл еңбектерде қазіргі дәуірдің рухани –мәдени мәселелері кеңінен көтеріледі.

66.2(5Қаз)                    

Н19   

 

  Назарбаев, Н.Ә.                                     

  Бейбітшілік кіндігі [Мәтін] / Н. Назарбаев. - 

  Астана : Елорда, 2001. - 304 б.: сур    

63.3(5Каз)                    

Н30  

 

 Народы Казахстана [Текст] : Энциклопедический 

 справочник / Сост. Г.Анес, Е.Оразбеков, А.Годеева, 

 Х.Баймен. - Алматы : Арыс, 2003. - 352 с.  

 

   В книге впервые собрана информация о представителях 125 национальностей , проживающих в Республике Казахстан.

   Издание содержит  сведения о каждом народе, включая данные об этническом формировании и истории образования национальных диаспор в Казахстане.

66.3(06)6                     

Қ18     

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы [Мәтін] : Тарихи  очерк. - Алматы : Раритет, 2010. - 328 б.   

   

   Бұл еңбекте Қазақстан  халқы Ассамблеясының тарихына зерттеу жүргізілген. Деректер мен құжаттар негізінде Қазақстанның көпұлтты  елге айналу тарихы, ұлтаралық татулықтың қазақстандық моделін қалыптастырудағы қазақ халқының  тарихи рөлі баяндалады. 

Дінаралық келісім - біздің халықтарымыздың бірлігінің негізі.

                                                              Н.Ә.Назарбаев

86.2                          

Д91      

 

  Дінтұтқа [Мәтін] / Құраст.Ә. Құланбай. - Астана : Егемен Қазақстан, 2013. - 832 бет.        

 

     Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары сьездерінің  он жылдығына орай шығарылған бұл кітапқа «Егемен Қазақстан» газетінде дінаралық және конфессияаралық үнқатысу мәселелері жөнінде 2003-2013 жылдар аралығында жарияланған мақалалар, сараптамалар мен сұхбаттар енгізілді.

86.38                          

И87        

 

  Ислам ынтымақ пен бірлік жолында [Мәтін]. -  Алматы : Атамұра, 2008. - 208 бет. 67.400.6

                              

    Жинаққа 2006 жылы Алматыда өткен «Жетісу мұсылмандарының 1 құрылтайына 100 жыл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары топтастырылған.

86.38(5Қаз)                     

Л18   

 

  Лама, Шариф Қ.Қ.                                   

  Дініңді ұстай алсаң - қасиетің, ұстай алмасаң -

 қасіретің [Мәтін] / Қ. Лама Шариф. - Алматы : БПКА,  2016. - 296 б.   

   

    Бүгінде Қазақстанда ұлттық діни қайта өрлеу кезеңі белең алуда.  Дін халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаушы және рухани –адамгершілік идеалдардың қозғаушы күші ретінде біздің отандастарымыз үшін зор құндылықтарға ие. Осыған байланысты діни этиканың күші өскелең ұрпақтың адамгершілік және рухани дүниетанымын қалыптастыруда барынша белсенді қолданылуда.  

86.29(5Қаз)                   

М15  

 

   Макин, Қ.                                          

  Ұлт пен дін [Мәтін] / Қ. Макин. - Алматы :  Тамыр, 2015. - 352 б.: сур      

 

   Белгілі қаламгер Қайыржан қажы Макин «Ұлт пен дін» атты кітабында ұлттық болмыс, ұлттық мінез, ұлтқа қатысты мәселелерді қозғайды және қазақтың қайдан шыққанын шежіре арқылы көрсетіп, Дін қалай бізге енгенін айтады.

86.38(5Қаз)                              

Ш83  

 

   Шохаев, Е.К.                                       

   Исламдағы дінаралық диалогтың орны [Мәтін] / Е.

   Шохаев. - Алматы : Баспалар үйі, 2014. - 208 бет. 

 

    Халқымыз 11-12 ғасырдан астам уақыт өзін мұсылман ел ретінде танытып келеді.  Осыған орай, қазақ халқы, ұстанатын ислам дінінің жоғарыда аталған үрдіске  көзқарасы, алар орны, қосар үлесі қалай болуы қажет деген сұраққа ғылыми-теологиялық тұрғыдан негізделген жауаптарды дайындау  маңызды міндет болып табылды. Сондықтан Құран Кәрім аяттары мен Мұхаммед пайғамбар алайһи  саламның хадистеріне негізделген бұл еңбек осы мақсатта өмірге келген болатын.

86.38(5Қаз)                   

Б89    

 

Бұлұтай, М.Ж.                                      

 Дін және Ұлт [Мәтін] / М. Бұлұтай. - Алматы :  Арыс, 2006. - 584 б.        

 

      Белгілі  дінтанушы, мәдениеттанушы ғалым Мұртаза Бұлұтайдың бұл еңбегіне дін ғылымдары, әлеуметтану, тарих, философия, филология, құқық, саясаттану,  халықаралық қатынастар, мәдениеттану салаларын қамтитын кең ауқымды  ғылыми-публицистикалық материалдары енгізілген.     

86.38(5Қаз)                   

О-61   

 

Оңғаров, Е.А.                                      

 Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары [Мәтін]

   / Е. Оңғаров. - Алматы : Баспалар үйі, 2014. - 352 б.                                         

 

    Бұл ғылыми еңбек ислам дініндегі құндылықтарды мәдени антропологиялық  феномен ретінде қарастырып, қазақ мәдениетіндегі ислам дінінің әдептік ұғымдар бастауларын философиялық, тарихи, мәдениеттану, дінтану секілді ғылымдар тоғысында, кең пәнаралық шеңберде зерттейді. Қазақстандағы мұсылмандық дүниетанымның аксиологиялық сипаттамасын мәдениеттанулық тұрғыдан талдайды.

bottom of page